Медициналық қызмет сапасын арттыру — басты міндет

Мемлекет басшысыҚасым-ЖомартТоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, Президент медициналық қызметтердің қаржылық тұрақтылығы мен мониторинг жүйесінің тиімділігіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Осы орайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Нұрбол Тымпиевпен сұхбаттасып, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар жайын сұрап білген едік.
— Президент Жолдауында айтылғандай, денсаулық сақтау саласында жаңа мониторинг жүйесін енгізу қажеттігі көтерілді. Бұл бағытта өңірде қандай өзгерістер болып жатыр?
— Мемлекет басшысы атап өткендей, медициналық қызметтердің тиімділігін арттыру үшін бақылау жүйесін жетілдіру аса маңызды. Бүгіндебізоблысбойынша нақты шаралар қабылдап жатырмыз. 2025 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша 110,4 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 88 медициналық ұйыммен 104,3 млрд теңгеге шарт жасалды. Оның ішінде: кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) – 53,7 миллиард теңге. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында – 50,6 миллиард теңге.Жыл басынан бері 63 миллиард теңге қаржыландырылды.
— Қаржы тиімділігін арттыру бойынша нақты қандай нәтижелер бар?
— Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде 1,95 миллиардтеңгеқарастырылды. Оныңішіндесапамониторингіарқылы – 705,9 млн теңге. Көлемнің орындалмауы бойынша – 1,25 млрд теңге.Бұл қаражаттар қосымша қажеттілігі бар медициналық қызметтерге қайта бөлінеді. Қазіргі таңдаеңөзектібағыттарқатарындабіртұрғынғаесептелгенконсультациялық-диагностикалық көмек (КДК), стационарлық көмек, медициналық оңалту, онкологиялықнауқастардыемдеу, т.б. бар.
— МӘМС жүйесіне халықты тарту бойынша қандай көрсеткіштер бар?
— 2025 жылғы 1 қаңтар мен 22 тамыз аралығында сақтандырылмаған азаматтардың саны 5085 адамға, яғни 4%-ға азайды. Дегенменқазіргітаңдаоблыс бойынша 132 119 тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
— Медициналық қызмет сапасына келсек, МӘМС жүйесі қандай өзгеріс әкелді?
— Бұл жүйе, ең алдымен, медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасына деген жауапкершілігін арттырды. Қаржыландыру енді нақты көрсетілген көмек көлемі мен сапасынабайланысты.Мысалы, биылғы есептік кезеңде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда МӘМС аясында 106 мыңнан астам науқас емделді.ТМККК аясында 28 мыңнан астам пациент ем қабылдады.Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық деңгейде МӘМС бойынша 3,5 миллионнан астам,ТМККК бойынша 460 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
— Ақпараттық жүйелер арқылы медициналық қызмет сапасын бақылау қалай жүргізіледі?
— Біз денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйелері арқылы көрсеткіштерді тұрақты түрде бақылап отырамыз. 2024 жылы 275 мың ақау анықталды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға төмен.Бүгінде Медициналық көмекті ақы төлеудің бірыңғай жүйесі (МКАТБЖ) шеңберінде 24 форматтық-логикалық бақылау (ФЛК) енгізілді, жыл соңына дейін тағы 27 ФЛК қосу жоспарланып отыр. Жалпы 950 ФЛК әзірленіп жатыр, бірақ әзірге 20 стандарт қана іске қосылды. Бұл – көп сатылы, ресурсты қажет ететін процесс.
— Алдағы уақытта қандай жаңашылдықтар жоспарланып отыр?
— Ең бастысы – сапаны бағалау және мониторинг жүйесін барынша автоматтандыру. Қазірдің өзінде «Келісімшарттар», «Төлемдер», «Мониторинг», «АЛО» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға қолжетімді, сапалы және әділетті медициналық көмек көрсету. Бұл бағытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде жұмыс істей бермек.
Д.АЙДАР.



