Ауыл

Қараталда балабақша ашылды

Ойыл ауданы Ш.Берсиев ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында «Балбөбек» балабақшасы балаларға есігін айқара ашты. 60 орындық білім беру ұйымында тәрбиеленушілерге барлық жағдай жасалған.

Балабақшада заманауи талаптарға сай жабдықталған ойын бөлмелері, тынығатын орындар және асхана бар. Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған, бейнекамералар орнатылған.

Ғимараттың салтанатты ашылуына Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев, облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекова, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Шараға қатысқандар жаңа нысан ауыл балаларының жарқын болашағына жасалған маңызды қадам екенін айтты. Бөбекжай тәрбиеленушілері өлең оқып, ән шырқап, өз өнерін көрсетті. Ақсақалдар ақ батасын берсе, ақжаулықты аналар шашу шашып, қуаныштың көркін қыздырды.

Айта кету керек,былтыр көктемгі су тасқыны кезінде аталған балабақшаның ғимараты апаттық деп танылған.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button