Пікір

Отандық өнімнің өрісі

Асхат ОЛЖАБАЕВ, «Болашақ» шахтасы учаске басшысының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты

Мемлекет басшысының Жолдауында тау-кен саласына байланысты айтылған нақты міндеттер — біздің сала үшін жаңа серпін, тың мүмкіндіктер ашатын стратегиялық бағыт. Президентіміз алдағы үш жыл ішінде жоғары технологиялық өнім шығаратын кемінде үш кәсіпорын іске қосылуы қажет екенін атап өтті. Бұл, бір жағынан, еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру болса, екінші жағынан, отандық өнімді өңдеу көлемін ұлғайтуға арналған қадам.

Қазақстанның тау-кен металлургиясы — ел экономикасының тірегі. Оның ішіндегі хром, мыс, сирек металдар сынды пайдалы қазбаларымыз жаһандық нарықта сұранысқа ие. Сондықтан терең өңдеуге бағытталған жаңа кәсіпорындардың ашылуы сала үшін үлкен жетістік болмақ.

Бүгінде өзім еңбек ететін «Болашақ» шахтасы — осы бағыттағы ірі жобаның бірі. Былтыр пайдалануға берілген бұл нысан — қуаты жылына 7,5 миллион тоннаға дейін жететін, әлемдегі ең терең шахталардың бірі. Бұл біздің еліміздің тау-кен өндірісіндегі әлеуетін айқын көрсетеді.

Енді бізге қажеті — осы жетістіктерді жоғары технологиямен ұштастыра отырып, жаңа деңгейге шығару. Мемлекет басшысы көтерген бастамалар— біз сияқты сала мамандары үшін бағыт-бағдар ғана емес, нақты іске асыруға тиісті міндет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button