Пікір

Халық сенімі бәрінен жоғары

Еділхан АЙМАҒАМБЕТОВ,

Қазақстан Республикасының

Ұлттық ұланы №6655 әскери

бөлімінің командирі, полковник

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы мемлекетіміздің даму бағытын айқындап, жаңа міндет жүктеді. Жолдауда экономикалық серпінді өсім, әлеуметтік саясатты жетілдіру, саяси реформаларды жалғастырумен қатар, заң мен тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері айрықша аталды. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың, ел дамуының басты кепілі екені сөзсіз.

Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмалары Ұлттық ұлан үшін де ерекше маңызды. Өйткені еліміздің тыныштығын күзетіп, азаматтардың бейбіт өмірін қорғап тұрған құрылымдардың алдыңғы қатарында Ұлттық ұлан тұр. Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің жеке құрамы заң мен тәртіпті сақтау тек міндет емес, халқымыздың сенімін ақтау деп біледі. Біздің сарбаздарымыз қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, стратегиялық нысандарды күзету ісінде үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Президент Жолдауында заманауи технологияларды, соның ішінде цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу қажет екені ерекше аталып өтілді. Бұл тек экономика саласына ғана емес, құқық қорғау және әскери құрылымдарға да тікелей қатысты. Қазіргі заманда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды қолдану, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, жедел әрекет ету қабілетін жетілдіру — басты талаптың бірі. Осы тұрғыда №6655 әскери бөлімінің ұжымы заман ағымына сай дамып, жаңа техникаларды меңгеруге, сарбаздардың кәсіби және моральдық-психологиялық даярлығын арттыруға бар күш-жігерін жұмылдыруда. Әскери қызметшілер халыққа адал қызмет етіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда өз міндеттерін абыроймен атқара бермек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button