Пікір

Жолдау және жауапкершілік

Үмбетқан СӘРСЕМБИН, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты

Биылғы Президент Жолдауында қоғам алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Ол,  ең алдымен, қазіргі уақыттағы қиындықтарды ескере отырып, экономиканы, ғылым-білімді дамыту, қоғамның бәсекеге қабілеттілігін күшейту. Осы ретте Мемлекет басшысы білім саласындағы цифрлық технологияға тоқталды. Еліміздің білім экономикасына көшіп жатқанын айтты. Ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың  маңызы жоғары екенін жеткізді.  «Жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болады. Сонымен қатар Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек», — деді Президент. Бұл — құптарлық іс. Білікті, мықты мамандарды елге тарта білсек, білім саласының әлеуеті жоғарылай түсері анық. Оның ішінде техникалық мамандықтарды меңгерген азаматтарға сұраныстың жоғары екені белгілі.  Президент кадр тапшылығын жою керектігін ашық айтты. Бұл ретте  еліміздегі жоғары оқу орындары да өз үлесін қосып, заманға сай білім беруде. Алайда елімізде әлі де болса маман тапшылығы сезіледі. Ал Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы өз шешімін табатынына сенімдімін.

Жалпы, қай салада болсын, әр адам мемлекет, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек. Сонда ғана қоғам дамиды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button