Ауыл

Екі ауылға газ келді

Көгілдір отын

Жақында Мәртөк ауданының Байнассай және Ақмоласай ауылдарына көгілдір отын келіп, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді. Газ құбырының іске қосылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов және ауыл тұрғындары қатысты.

Бүгінде  Байнассай ауылында — 415 адам, Ақмоласай ауылында 179 адам тұрады. Екі ауыл да орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.Мердігер «Ерзат» өндірістік кооперативі газ тарту жұмыстарын межелі уақытта аяқтады. Нәтижесінде 53,9 шақырымға газ құбырлары тартылды.

Айта кетейік, жыл соңына дейін аудан бойынша 32 елді мекеннің 23-і (71,9%) газдандырылып, ауылдық елді мекендердің 94 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button