Пікір

Бағалы бастамалар, байыпты қадамдар

Серік ШАҢҒҰТОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Президентіміз атап көрсеткендей, ел бірлігін сақтау — мемлекетіміздің тұрақты дамуының басты кепілі. Бұл бағытта ардагерлер қауымы да жастарға тәлім беріп, қоғамдағы келісімді нығайту ісіне өз үлесін қоса береді.

Сонымен бірге Жолдауда көтерілген инфляцияны тізгіндеу, экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту шаралары халықтың тұрмысын жақсартып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Ардагерлер қауымы бұл бастамалардың нәтижелі жүзеге асуына сенім білдіреді.

Бұдан бөлек жасанды интеллектіні енгізу, ветеринарияны және аграрлық саланы дамыту мәселелері — болашағымыз үшін стратегиялық маңызы бар бағыттар. Әсіресе ауыл шаруашылығын жетілдіру, мал шаруашылығын қорғау мен ветеринарлық қызметті күшейту — халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін қадамдар.

Ардагерлер қауымы Президент бастамаларын толық қолдай отырып, қоғамда осы идеяларды насихаттауға, жастарға түсіндіруге, елдік мүдде жолында жұмылуға әрқашан дайын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button