Пікір

Бұл — ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер

Жолдау
Президенттің ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру туралы бастамасы — еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты кепілі. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы көлемі артты, бірақ нәтиже күткендей емес. Бұл – қаржыны дұрыс пайдаланбаудың салдары.
Сондықтан агррлық салада тиімді менеджментті қалыптастыру – кезек күттірмейтін міндет. Президент атап өткендей, ең үздік агрокәсіпорындардың тәжірибесін ел көлемінде тарату керек. Өйткені, олар өнім өндіруден бастап, оны түпкілікті өңдеуге дейін толық тізбекті жолға қойған. Бұл – табыстың нақты үлгісі.
Мұндай тәжірибені барлық өңірлер игерсе, Қазақстан аграрлық өнімді экспорттаушы алдыңғы қатарлы елге айналады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығының болашағы – инновация мен ғылымды қолдануда. Ғылыми зерттеулерге сүйенген жаңа технологияларды кеңінен енгізу арқылы өнім сапасын арттыруға және шығынды азайтуға болады.
Осы тұрғыдан қарағанда, Президенттің Жолдауындағы тапсырмалар – аграрлық саланы дамытудың нақты жол картасы.

Иван КУДРЯ,
ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері,
Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button