Денсаулық

Шалғай ауылдарда медицина пункттері ашылды

Конституция күні қарсаңында Байғанин және Ырғыз аудандарында жаңа медицина пункттері пайдалануға берілді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Байғанин ауданы Ноғайты ауылында ашылған фельдшерлік-акушерлік пункт 40 адамға дейін қабылдай алады. Ауылда 1167 тұрғын бар. Ал Ырғыз ауданына қарасты Жарма ауылында ашылған медицина  пункті тәулігіне 25 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл ауылда 336 тұрғын тұрады.Екі ғимарат та заманауи жабдықтармен қамтылған.

Биыл облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 14  медицина нысанын салу жоспарланған.

Аталған бастамалар шалғай ауылдарда медициналық инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жақын күндері Темір ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған аралас типтегі «Ainala» оңалту орталығы ашылады. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button