Білім

Сарыжар ауылында жаңа мектептің ашылуы

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Ақтөбе облысы, Сарыжар елді мекенінде 300 орынға арналған жаңа «№3 Сарыжар жалпы білім беретін орта мектебі» өз есігін айқара ашты.

Заманауи талаптарға сай салынған жаңа мектепте 18 сынып-комплект құрылып, алғашқы оқу жылында 300-ге жуық оқушы білім алуды бастады. Оқушыларға сапалы білім беру ісіне 34 білікті педагог жұмылдырылған.

Білім ордасы оқу-тәрбие үдерісін толыққанды ұйымдастыруға барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мектепте физика, биология, химия, информатика кабинеттері, STEM зертханасы мен робототехника сыныптары ашылып, оқушылардың ғылыми-техникалық бағытқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар музыка, хореография, АӘТД кабинеттері, тігін және технология шеберханалары жұмыс істейді.

Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында үлкен спорт залы, 80 орындық асхана, 84 орындық мәжіліс залы пайдалануға берілді. Сондай-ақ 4000-нан астам кітап қоры бар кітапхана жас ұрпаққа білім мен тәрбие алудың сенімді орталығына айналмақ.

Жаңа мектептің ашылуы – елді мекен тұрғындары үшін қуанышты оқиға. Бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алуына, ауылдың әлеуметтік әлеуетінің артуына жол ашатын маңызды қадам.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button