Білім

Көтібар батыр ауылында жаңа мектеп ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Конституциясының 30 жылдығы мерекесіне орай Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округіне қарасты Көтібар батыр ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды.

Мектептің ашылу салтанатына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Көтібар батыр ауылы облыс орталығынан 95 шақырым жерде орналасқан. Ауылда 57 үйде 162 тұрғын тұрады.
Көтібар негізгі мектеп-бөбекжай-балабақша-кешенінде 18 мұғалім қызмет атқарып, 44 оқушы білім алады. Мектеп жанындағы балабақшада 10 бала тәрбиеленеді.

Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған.
Мектеп кабинеттері толық жабдықталған және оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар.

Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған алаң салынған, бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button