МӘМС жүйесі – халықтың денсаулығына инвестиция

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізілгеннен бері елімізде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі үш есеге артқаны белгілі. Бұл қаражат ең алдымен халықтың қымбат әрі жоғары технологиялық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталды. Бұрын тек белгілі бір топ қана пайдалана алатын диагностикалық және емдеу әдістері қазір көбірек азаматтарға қолжетімді болуда.
Ең бастысы – медициналық қызметтердің сапасы артып келеді. Жаңа жабдықтар, заманауи технологиялар және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін емдеу әдістері енгізілуде. Мұның барлығы халықтың өмір сапасын жақсартуға, ауруларды ерте анықтауға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Мемлекет үшін де бұл тиімді, өйткені сапалы профилактика – емдеуге кететін шығынды азайтады.
Роман Рахиев, денсаулық сақтау саласының ардагері



