Пікір
Татулық – елдіктің алтын қазығы

Татулық – мемлекетіміздің берік іргетасы, елдіктің алтын қазығы. Бірлік пен өзара сыйластық бар жерде тұрақтылық орнайды, ал тұрақтылық бар жерде даму мен өркендеу болады. Қазақстан – сан түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ Отаны. Біздің күшіміз – татулықта, ортақ мақсатқа бірге ұмтылуда. Ынтымақты елдің шаңырағы биік, керегесі берік болады. Тату елдің тұғыры берік, болашағы жарқын болады.
Бірлігіміз жарасқан ел болу – біздің ең үлкен жетістігіміз және ең қымбат қазынамыз. Осы татулықты сақтау – әр азаматтың борышы.
Нұрмағамбетов Марғұлан Мұхтарұлы, «Қоғамдық Келісім» КММ-ның бөлім басшысы



