Қазақстанның болашағы – білімде!

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтқан сөзі ерекше мәнге ие. Ол білімнің, ең алдымен, жастардың болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен жас таланттар өздерінің шексіз мүмкіндіктерін дәлелдеп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға зор үлес қосты.
Жастарды ынталандыру, олардың жетістіктерін бағалау – қоғам үшін маңызды қадам. Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы. Әрбір жеңіс жастардың өз елін әлемдік деңгейде танытуына мүмкіндік беріп, Қазақстанның білім беру саласының дамуына үлкен әсер етеді. Сондықтан да, еліміздің білім беру жүйесін жетілдіріп, жастарға барынша қолдау көрсету – мемлекет тарапынан жасалып жатқан басты бағыттардың бірі.
Шукурова Еркежан, «Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы



