Оба ауруы қауіпті

Сақ болыңыз!
Оба деп қоздырғыштары табиғатта үнемі сақталатын инфекцияларды айтады. Әдетте әртүрлі кеміргіштер — суырлар, қарақұйрықтар, үлкен, кіші құмтышқандары, саршұнақтар, балпақ, қосаяқтар және басқалары ауырады.Обадан түлкілер, борсықтар, қояндар да тыс қалмайды.
Үй жануарларының ішінде ол түйелерде жиі кездеседі.Адам ауру жабайы жануарлардың терісін сыпырған кезде, ауру түйені сойғанда немесе бұрын ауру малдың қанын ішкен бүрге мен кене шаққаннан кейін оба ауруына шалдығуы мүмкін.Адамдарда оба ауруы кенеттен, жұқтырғаннан кейін екі-алты күннен кейін басталады.Ауру өте ауыр өтедіжәне дер кезінде медициналық көмексіз әдетте өліммен аяқталады.Ең қауіптісі — оба пневмониясы кезінде және обаның өкпелік түрі. Бұл жағдайда науқас айналасындағы барлық адамға ғана емес, сонымен қатар сол жерде орналасқан заттары бар бөлмеге де жұқтырады. Сонымен қатар, оба микробтары тамақ өнімдерінде, маталарда, ағаштарда, шыныларда ұзақ уақыт бойы жақсы сақталады.Обаның басқа түрлері де қауіпті болып саналады. Оларға мыналар жатады: Септикалық — науқастың қанында микроб пайда болғанда; Бубонды— лимфа түйіндері зақымданғанда және қолтықта, шап аймағында, мойын аймағында өте ауырсынатын ісіну пайда болғанда; Тері — микробтың орнында жара пайда болған кезде.Аралас формалар болуы да мүмкін. Науқастар аурудың кез келген кезеңінде қауіпті, сондықтан инфекцияның алдын алу және аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін мыналарды білу қажет:• Оба ошақтарында кәсіптік маңызы бар кеміргіштерді ұстауға тыйым салынады.• Кеміргіштердің індеріне жақын орналасуға болмайды, өйткені оба жануарларының қанын ішкен бүргелер мен кенелер арқылы жұқтыру қаупі бар.• Сырттай науқастарға ұқсайтын жануарларды ұстауға және атуға қатаң тыйым салынады.• Егістікте жұмыс істеу қажет болса, кеміргіштер мен олардың бүргелері мекендейтін жерлерде, киімдер мен уақытша баспаналарды репелленттермен, және инсектицидтермен ДДТ, гексахлоранмен өңдеу қажет.• Үйге иттер мен мысықтардың әртүрлі кеміргіштерді әкелмеуін қадағалау қажет.• Түйедегі аурудың алғашқы белгілері білінгенде дәрігерге немесе ветеринарға хабарлау керек.• Түйені мал дәрігерінің қорытындысынсыз союға болмайды.• Тұрғын үйлерде бүргелер, тышқандар немесе басқа кеміргіштер болса, бұл туралы өңдеу жүргізу үшін тиісті медициналық мекемелерге хабарлау керек.• Температураның кенеттен көтерілуі, мойынның, қолтық астындағы, шап аймағындағы ауру сезімін тудыратын ісінулер кезінде дереу медицина қызметкерлеріне хабарлау қажет. Сонымен бірге басқа адамдармен қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеген жөн.• Кез келген дәрі-дәрмекпен рұқсатсыз емделуге қатаң тыйым салынады. Бұл диагноз қоюға қиындықтар туғызады.
Гүлжамал БИЕКЕНОВА,
Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы.



