Мәдениет

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы Мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби караоке кеші өтті.
Ұлы ақынның 180 жылдығына орай ұйымдастырылған кеште Абайдың әндері шырқалып, жырлары оқылды. Қалалық зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің қызметкерлерімен қоса, жиналғандар да Абай әндерін бірге орындады.

Сонымен бірге шара барысында түрлі ойындар ойнатылды. Мәселен, арнайы викториналық ойында көпшілікке Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерін оқудан ашық микрофон ұйымдастырылды. Ойындарда белсенділік танытқан,сұрақтардың дұрыс жауабын тапқан және Абай жырларын жатқа оқыған адамдарға әдеби кітаптар сыйға тартылды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button