Ауыл

Ащылысайдағы дәстүрлі думан

Қарғалы ауданында «Ауылдар күні» байқауы ерекше серпінмен басталды. Алғашқы болып бұл игі бастаманың шымылдығын Ащылысай ауылдық округі түрді.

Мәдени шара аудан орталығындағы Орталық саябақта өтті. Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев пен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Ащылысай ауылының тұрмыс-тіршілігі, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы кеңінен насихатталды. Киіз үй тігіліп, іші ұлттық нақыштағы бұйымдармен безендірілді. Жәрмеңке сөрелерінде ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, тұрғындар табиғи әрі сапалы азық-түлікке қол жеткізді.

Шараның ашылуында ауылдық округ әкімі Асылбек Биманбаев құттықтау сөз сөйлеп, ауыл бірлігі мен мәдениетін жаңғыртуға бағытталған бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.

Кеш барысында әсем ән мен күмбірлеген күй орындалып, мың бұралған бишілер сахна көркін аша түсті. Ащылысайлық өнерпаздардың өнері жұртшылыққа көтеріңкі көңілкүй сыйлады. Ұлттық дәстүрлер де назардан тыс қалмады. Қонақтарға шашу шашылып, бауырсақ пен тәттілер ұсынылды. Балалар сурет салып, ләңгі тебу мен шағын футболдан жарысса, ересектер жағы қой көтеру, садақ ату сынды спорттық сайыстарда бақ сынасты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Шара соңы әсерлі отшашумен және көңілді би кешімен қорытындыланды.

Бұл кеш — тек мерекелік шара ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақ санасына елдік рух пен мәдениетті сіңірудің жарқын үлгісі.

Айта кетейік, «Ауылдар күні» байқауы жаз бойы жалғасады.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button