Жастар

Жұмысшы жастар бас қосты

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақтөбе қаласындағы «Береке» демалыс орталығында «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені жұмысын ұйымдастыру»жобасы шеңберінде «Волонтерлік саланың негізі»атты семинар-тренинг өтті.

Шараға өңірдегі ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастары —«СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазхром», «АХҚЗ», «ТЭЦ», «Номад Құрылыс», «РусТал», Хромтау қаласындағы Дөң кен байыту комбинатының қызметкерлері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты —жастар арасында волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және волонтерлік қызметтің бағыттарымен таныстыру.Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған іс-шараға 150-ден астам жас қатысты.

Біз бұл жобаны жұмысшы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жаңа нәрселер үйреніп, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуына мүмкіндік беру үшін ұйымдастырдық.

Ерікті болу деген тек біреуге көмектесумен шектелмейді. Ол — адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін, жаңа ортаға тез бейімделу үшін, сондай-ақ өзіңді шыңдау үшін керек дағдының бірі. Сондықтан бұл бастама жастардың белсенділігін арттырады деп ойлаймын, деді облыстық волонтерлік фронт офис координаторыЖоламанАсанұлы.

Аталған бағдарлама екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде республикалық деңгейдегі сертификатталған тренер Еркебұлан Тағанов волонтерлік ұғым, оның түрлері мен бағыттары туралы тренинг өткізіп, тәжірибесімен бөліссе,екінші бөлімде қатысушылар интеллектуалдық тимбилдинг-сайыстарына қатысты. Қатысушылар командаға бөлініп, тренинг барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Сайыстан соң қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Бағдарлама соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button