Мәдениет

Жансаяның жеңісі

Байқау

Қобда ауданында Кеңес Одағының Батыры И.Білтабановтың 100 жылдығына арналған «Қобданың ақ таңы» атты облыстық әндер байқауы өтті.

Шараға өңірдің Қарғалы, Қобда, Хромтау, Ойыл, Мұғалжар, Ырғыз, Алға, Темір, Әйтеке би аудандарынан келген өнерпаздар қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Өнер додасында Қарғалы ауданының намысын аудандық Мәдениет үйінің өнерпазы Жансая Даурбаева қорғады. Ерекше дарындылығымен көзге түскен ол байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ 200 мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды.

Бұл жеңіс — ауданымыздың мәдениетіне қосылған зор үлес әрі жас өнерпаздардың шабытын арттыратын жарқын жетістік.

 Жұлдыз КЕНЖЕ,

   Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button