Білімге бастайтын платформа

Қазір білім мен ғылымның, заманауи технологиялардың, түрлі платформалардың заманы. Білім мен біліктің дәуірінде біз, жас ұрпақ, тек білімнің арқасында ғана алға жылжимыз.
Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан, болашағы зор сала – цифрлық технологиялар саласы. Сондықтан да жас ұрпақ заманауи цифрлық технологияларды жетік меңгеруге тиіс. Қазір, біз, цифрлық технологияларды жиі пайдаланамыз.
TopIQ.kz — әртүрлі пәндер бойынша онлайн сабақтар ұсынатын білім беру платформасы. Мен бұл платформамен бір жылдан бері таныспын. Бұл жүйенің сабақты үлгеруіме, білімімді шыңдауда пайдасы орасан зор. Мұнда интерактивті тапсырмалар, бейнесабақтар, түсіндіру материалдары, тест тапсырмалары қамтылған. Сабақтар нақты әрі жүйелі берілген. Бұл біз үшін кез келген деңгейдегі тақырыптарды түсініп, білім көкжиегімізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Сабақ соңында интерактивті тапсырмалар арқылы білімімізді бекіте аламыз. Платформаны қолданғаннан бері уақытымды тиімді пайдаланып, білімімді тереңдетудемін. Сондықтан мен білімге ұмтылған достарыма TopIQ.kz-ты ұсынамын. Білім шыңына бірге жетейік!Айлана
ДАРХАНОВА,
Саға мектеп-балабақшасының оқушысы.
Ойыл ауданы.



