Мәдениет

Жаңа бейнебаян жарыққа шықты

Тұсаукесер

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония жанындағы «Дауыс» әншілер ұжымының көркемдік жетекшісі Аллаберген Жақсыбаевтың «Кел, бір билейік!» атты жаңа бейнебаяны жарыққа шықты.

Тұсаукесер кешінде бейнебаян үлкен экранда көрсетіліп, авторлармен сұхбат және естелік фотосессия ұйымдастырылды. Туындыны шығаруға атсалысқан шығармашылық топты мәдениет саласының өкілдері, кештің құрметті қонақтары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Бейнебаян 70-80-жылдардағы қазақ эстрадасы мен винтаж стилін шебер үйлестірген. Басты рөлдерде — Т.Ахтанов атындағы драма театрының актері Шыңғыс Тельманов және Б.Оралұлы шығармашылық орталығының әншісі Ақторғын Әминова. Жалпы 40 шақты өнерпаз бейнебаянның түсіріліміне қатысты.

Түсірілім жұмыстары қаланың түрлі тарихи және мәдени орындарында өткен.

Айта кетейік, бейнебаяннан «Локомотив» ретро саябағын, Пушкин атындағы саябақты, «Жеңіс» аллеясын, «Қазақ еліне мың алғыс» стеласының  алаңын көруге болады. Ал бейнебаянға қажетті ретро киімдер, заттар және техникалар «Купи-продай» дүкенінен, актриса Майгүл Мұзбаеваның бутигінен және «Фабрика звезд» студиясынан алынған.

Ретро стильде түсірілген туындының сценарий авторы — Аллаберген Жақсыбаев.  Он шақты бейнебаяны барәнші жаңа туындыны жарыққа шығару көп еңбек пенжауапкершілікті талап ететінінайтты.

— Үш минутқа барынша көп ақпарат пен эмоцияны сыйғызуың керек, яғни бұл  шағын фильм түсірумен тең. Бұл бейнебаянды үш күн бойы түсірдік. Тек демалып, тынығып алу үшін ғана үзіліс жасадық. Әнді Дина Аманғазықызымен және оның орынбасары Айбек Кемалмен бірге таңдадық. Өйткені ән рухани жағынан да, дауысқа үйлесімділік жағынан да соған сай болуы керек. Сондықтан бұл жағдайда үш адамның ойы — өте дұрыс шешім, — дейді А.Жақсыбаев.

Бейнебаянның қосалқы рөлдерін филармония директоры Дина Ниязова, «Аққу» би ансамблі, актер Айбол Қозбақ және «Дауыс» тобының әншілері сомдады.

— Биылоблыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы филармонияға қаражат бөлген еді. Біз оны тиімді игеруге тырыстық. Бұл бейнебаянды түсіруге миллион теңге қаражат жұмсалды. Артистердің бәрі де ақтөбеліктер, — деді Д.Ниязова.

Аружан СМАҒҰЛОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button