Жемқорлықсыз қоғам құру — басты міндет

Сыбайлас жемқорлық
Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Бұл — мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, әлеуметтік-экономиканың дамуына қауіп төндіретін фактор.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айтып, бұл мәселені үнемі назарда ұстап келеді.
Ел Президенті өз сөзінде: «Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу — аса қажетті жұмыс. Бұған еш күмән жоқ. Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жолында ең озық халықаралық стандарттарды, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізіп жатқан талаптарды басшылыққа алады. Бұл — өте жоғары талап, біз соған сай болуымыз керек. Бұған қоса мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін үнемі айтып отырамын. Өйткені әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр», — деп атап өтті.
Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі тарапынан да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. «Сыбайлас жемқорлық — қоғамдерті» атты тақырыпта әр сала қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Халық көп шоғырланатын жерлерде сыбайлас жемқорлық тақырыбынд абуклеттер таратылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу тапсырмасын орындау мақсатында Алматы ауданы әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемеде және ведомствалық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында видеороликтер көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық деректері үшін заңмен көзделген әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметке деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп әрекет етуге тиіс.
Рүстем ӨТЕШОВ,
Ақтөбе қаласы
Алматы ауданының әкімі.



