Мереке

Қос ішектің құдіретін ұғынған…

Ердің жасы елуд іеңсерген мойылдай қою шашты, қараторы бойшаң азамат Оразғали Көшімов — қазақтың қасиетті қара домбырасының үніне бозбала шағынан құмартып, өмірлік бойтұмары етіп келеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар Шалқар аудандық Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі оның екінші үйі десек те болады.

Осы өнер ордасындағы таланты шәкірттер құлағына қос ішектің қоңыр үнін ұялатып, домбыра класынан сабақ беріп жүргеніне 40 жылға таяпты.

Ол тарыдай болып, алғаш еңселі мектеп есігін ашып, таудай табалдырығын аттаған тұсынан киелі аспаптың тиегін туралап, құлағын бұрап,күй шертуден хабары болады. Бастауыш сыныптан-ақ төрде ілінген домбыраға тынным бермеген Оразғали ағаның бойына өнердің осы бір өміршең қасиеті нағашы жұртынан, өз аталығынан дарыған секілді. Анасы Тәрбияның туған ағасы Жауынбай Нұрмағанбетов қазақы әңгімеге келгенде қамшы салдырмайтын, домбырасынан тым аулақ кетпейтін төл өнерге іңкәр кісі болыпты. Ал өзінің туған ағасы Аманжол Көшімовтің де күй тартуға келгенде құлақ құрышыңды қандырып, су төгілмес жорғадай ағылатыны бар екен. Осындай арғы ата текте, кіндіктес бауырда бар үкілі домбыраға деген әуестік қағілез қара баланың бойына да ұйысады.

Оразғали аға 1988 жылы Ақтөбе музыкалық училищесін балалар музыка мектебінің мұғалімі, әуесқой оркестрдің дирижері мамандығы бойынша тәмамдайды. Уақыт оздырмай Шалқардағы саз мектебінде алғаш домбыра класының оқытушысы болып еңбек жолын бастаған тұста алдынан тәжірибесі телегей, ұлағаты ұлылардай Рысбай Мырзатаев, Қожагелді Аманов сынды ағеділ ақылшы ағалары қарсы алады. Осы кісілердің бата-тілегімен кешегі әлеуметтік ахуал теңіздей толқыған тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда Оразғали аға арда өнерден сырт айналмай, киелі домбырасына шаң жұқтырмауды асыл мұратына санап, өнер мектебінің  аз айлығын қанағат тұтады. Сонда жүріп талай жақсылардың шарапатына да кенелді. Аға буын әріптесі, танымал күйші, қазанғаптанушы Нұрболат Жанамановтың да домбырашылық тәлімінен тағылым тарқатты. Алдыңғы буын ағалар кеңесімен шынайы талантқа дамылсыз ізденіс қажеттігін ұғынып,  жыр-термелердің, күмбірлеген күйлердің түп тарихына тереңірек үңіледі.

1994 жылы Ақтөбе облысында ҚазанғапТілепбергенұлының 140 жылдығына орай республикалық күйшілер байқауы өткені баршаға мәлім. Аймақ төрін күй күмбіріне бөлеген айтулы шарада 26 жастағы Оразғали көптеген күйлердің тарихына қанығады. Осы додаға әзірлік барысында Шалқар ауданына қарасты Жылтыр ауылының тұрғыны Қожагелді Амановтан Қазанғаптың «Бүркітбайдың асындағы торы жорғамен табақ тарту» мен «Ноғайлының босқаны» күйлерін үйренеді. Осындай шығармаларды кеңірек насихаттау мақсатында домбырашы ұстаздың алға қойған тың жоспарлары бар.

Тарихтың қилы кезеңдеріне бойласақ, аңыз әлдилеген Шалқар өлкесінің де әртасы, әр қиясы шер толқыған шежіреге тұнып тұр. Оқытушы Оразғали «Ноғайлының босқаны» күйін орындар алдында оның өлке шежіресімен үндестігін айта жүруді дәстүрге айналдырған. Осы «Ноғайлының босқаны» күйін 2021 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы Асылбек Кенегесовтің авторлығымен жарыққа шыққан «Өмір жайлауы» күй кітабына енуіне Орекең мұрындық болады.

Шанағына талайлы тарихымызды сыйғызған қасиетті домбыраның қадірі әрбір қазақ шаңырағы үшін маңызды. Домбыра үнінен қалың жұрт жанына медет, рухына сая табады. Күмбірімен даланы даңққа бөлеген, бойында қазақылықтың намысы тулаған домбыра аспабына шәкірттерді баулу мен іңізгілікті ісіме, ұлағатты жолыма айналғаны сондықтан. Аудан орталығындағы аядай өнер мектебінде өзімізден дәріс алып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық өнердің өрісін кеңейту жолында еңбек етіп жүрген шәкірттеріміз баршылық. Олардың бірқатарын айтар болсам, Мұрат Құттымұрат есімді оқушымҚазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжінде «домбыра шертер» бірлестігінің меңгерушісі. Бексұлтан Балғабаев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітіріп, магистратураға әзірленіп жатыр. Айдар Айтбай«Turkistan» телеарнасы «JanaTolqyn» бағдарламасының жүргізушісі. Майра Ахметова есімді шәкіртімХромтау қаласындағы балалар музыка мектебінде мұғалім. Әзиз Жансүгіров Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің 3 курсында оқиды. Қазіргі дәріс беріп жүрген шәкірттерімнің арасындағы Нұрдәулет Сұлтанмұратов пен Нұрдәулет Ормағанбет республикалық, облыстық домбырашылар байқауларында жүлдегер атанып, аудан мерейін еселеп жүр, — дейді Оразғали аға.

Домбырашы ұстаздың оқушылармен жұмыс істеуде өз ұстанымы бар. Оның айтуынша, домбыраға барлық жастағы баланы баулуға болады. Алайда уақыт өте оқушының қарым-қабілетіне қарай үйрету әдісінде түрлендіріп отырудың тиімділігі зор. Бұл әсіресе баланың сол аспапта ойнауға жылдам дағдылану мақсатымен тығыз байланысты. Сондай-ақ оқушыларға жасына лайық шығармалар берілмесе, күрделісін қабылдауға ынтасы жоғалып, тіпті домбыра тартудан тез жалығып кетуі ықтимал.

—Домбыра сыныбына дәріс беретін ұстаздың өзге бағыттағы оқытушыдан айырмасы — ең алдымен баланы киел іаспапқа деген сүйіспеншілігін ояту, әуен ырғағын сезінуді үйрету. Домбыра үйренуші еңбекқор болуы шарт. Ек іішекті қоңыр үнді бұл аспап адамнан үнемі ширақылықты, дайындықты талап етеді. Соныме нқатар шәкірттерді дара дайындағаннан гөрі топтық бағытта домбыра тартып үйретудің нәтижесі тиімді болмақ. Бұл жерде балалар бір-бірімен бәсекелестік танытып та алға ұмтылады. Және көптің алдында қысылмауға бейімделеді, ортада өзін еркін сезіне бастайды, — дейді ұстаз.

Кейіпкеріміз төкпелетіп терме, желмаядай желдіріп жыр жырлаудан да қаражаяу емес. Бірақ оған күнде домбыраның қоңыр үні естіліп тұратын ұстаздық жолы жақын.

ҚазанғапТілепбергенұлыатындағы саз мектебінің домбыра класының оқытушысы Оразғали Имантайұлы—облыстық күйшілер одағының мүшесі, Шалқар аудандық Мәдениет үйі жанындағы А.Жұбанов атындағы халық ұлт аспаптар оркестрінің бас домбырашысы. Шаңырағының асқар тауы болған Оразғали аға зайыбы Айсұлу Мұханбетова екеуі— өмірге әкелген үш баласынан немерелер сүйіп, қасиетті қара домбыраны ұдайы төріне ілген өнегелі жандар.

 Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button