Білім

Ел намысын қорғаған Нұртай

Балқан олимпиадасы тарихында Қазақстан құрамасы алғаш рет ең үздік нәтиже көрсетті.

Ел намысын қорғаған оқушылар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Солардың бірі — облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы, Қазақстан құрамасының мүшесі Нұртай Мәлік халықаралық дәрежеде күміс медаль иеленді.24 елдің балалары арасындағы командалық есепте Нұртай Мәлік 2-орынға ие болды. Нұртай 7-сыныпта оқып жүргенде математика олимпиадаларына дайындала бастаған. 2022-2025 жылдар аралығында түрлі оқу-жаттығу жиындарына қатысып, тәжірибе жинады. Ол — жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері.
Айта кету керек, 24-29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында математикадан 29-шы халықаралық Балқан олимпиадасы (JBMO-2025) өтті.JBMO — 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қатысушы елдердің қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және басқа да мемлекеттер бар. Қазақстан бұл додаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және дәстүрлі түрде үздіктер қатарында.
Жақында облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Нұртайды жеңісімен құттықтады. Ол оқушының табандылығы мен жоғары интеллектуалдық әлеуетінің мықты екенін атап өтті. Сондай-ақхалықаралық білім додасындаел абыройын асқақтатқан шәкірт тәрбиелегендері үшін Нұртайды олимпиадаға дайындаған ұстаздарға алғыс білдірді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button