Білім

5 буынды біліммен сусындаттым

Мектеп

30 жылдық еңбек жолымда бес сыныбым бастауышпен қоштасыпты. Төрт жыл сайын оқушыларыммен қоштасар сәтте жүрегім ерекше толқиды. Көз үйренген жүздер, сыңғыр күлкі, бірінші рет қалам ұстап, әріп үйренген сәттер — бәрі-бәрі көз алдымнан өтеді…
Әр сыныбымның өзіндік мінезі, ерекше болмысы, ұмытылмас сәттері бар. Бір сыныбым шығармашыл болды, енді бірі бір-біріне деген мейірімімен ерекшеленді, ал үшіншісі білімге деген құштарлығымен есте қалды. Олардың әрқайсысы — менің жүрегімде мәңгі орын алған, ұстаздық жолымды мәнді еткен шәкірттерім.
Бастауыш — баланың мектепте болашаққа жасаған алғашқы қадамы. Бұл кезеңде алған білім, қарым-қатынас, естіген сөз — бәрі оның өмірлік бағытына әсер етеді. Сондықтан мен әр сабағымды үлкен жауапкершілікпен өткізіп, әр оқушымды үлкен үмітпен қабылдадым.
Қоштасу әрдайым қиын. Бірақ мен бұл қимастықтың ішінде үміт пен сенім бар екенін сезінемін. Себебі мен оларға біліммен қатар, тәрбие, ізгілік, адамгершілік дәнін септім. Олар сол дәнді өсіріп, ертеңгі күні елге қызмет ететін тұлға боларына сенемін.
Ұстаздық жол — тек білім беру емес, жан-дүниеңді балаларға арнау. Мен осы жолды таңдағаныма, осы жылдар ішінде 5 буын сыныпты ұядан ұшырғаныма шексіз ризамын.

Н.ҚОЖАЛЕПЕСОВА,
№61 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button