166 түлектің шығармашылығы

Көрме
Облыстық өнер музейінде Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейі түлектерінің дәстүрге айналған «Шығармашылық вернисаж — 2025» көрмесі өтіп жатыр. Мәдени шараға 15-18 жас аралығындағы жеткіншектердің қолданбалы өнер, майлы бояу кескіндемесі, сурет, мүсін өнері бойынша жасаған еңбектері қойылды.
Мақсат — балалар арасында жоғары шығармашылық көзқарасты дамыту, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
— Балалардың жұмыстары сан қилы тақырыпты, түрлі орындау техникасын қамтиды. Әсіресе отбасы құндылықтары, салт-дәстүр, бейбітшілік, аңыз-әңгімелер желісі, жалпыұлттық құндылықтарға арналған картиналар көп. Бір анығы, әр туынды — табанды зор еңбектің нәтижесі.
Барлығы 166 түлектің жұмысы ұсынылды. Арасында қолөнер еңбегіде бар, — дейді аталған мәдениет мекемесінің ғылыми қызметкері Іңкәр Әлібекова.
«Шығармашылық вернисаж—2025» көрмесі Кеңес Одағының Батыры
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Көрмені маусым айының соңына дейін тамашалауға мүмкіндік бар.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.