Денсаулық

Лагерьлердегі санитарлық талаптар

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті — балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында өңір бойынша 7 лагерь жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі таңда жазғы сауықтыру ұйымдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін 4 лагерьден өтініш келіп түскен.  Бұл бағыттағы жұмыстар департамент бақылауына алынды.

Жазғы маусымда лагерьлерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сәйкестендіру қажет. Бүгінде жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында лагерьлердің ас блогтарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң түрде сақталуына бақылау күшейтілді.

Департамент мамандары ата-аналар үшін жазғы лагерьді таңдаған кезде келесідей кеңестерді ұсынады. Алдымен сауықтыру лагерінің қызметі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қорытындысы бар екендігі туралы білу қажет. Сондай-ақ балалардың жатын бөлмелерінің жағдайына назар аударған жөн. Өйткені санитарлық талаптарға сәйкес бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 шаршы метрден есептеледі. Сондықтан балалардың жатын бөлмелері кең, жарық, жөндеуден өткен, тұруға жайлы болуы керек. Сонымен қатар лагерьдегі балалардың тамақтануына баса назар аударған жөн. Тамақтану арасындағы интервал 4 сағаттан аспауы шарт. Қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар, кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Объект басшысымен бекітілген маусымдық екі апталық мәзірмен танысуға болады. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері болуы қажет. Спорт пен демалысқа, балаларды оңалту кезінде қатайту және қалпына келтіру процедураларына көп көңіл бөлу керек.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button