Жол жөнделіп жатыр

Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп жатыр.
Биыл Қарабұтақ ауылындағы 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтсақ, Қ.Сәтбаев, Есентемір және Жамбыл көшелері. Қазіргі таңда Қ.Сәтпаев көшесіне ұзындығы 955 метр, Жамбыл көшесіне 965 метр жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мердігер — «Ntiger» ЖШС. Есентемір көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалмақ. Жол жөндеу жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда. Жұмыс бекітілген кестеге сәйкес уақтылы, бекітілген талаптарға сай жүргізіліп келеді.
Басты мақсат — тұрғындардың ешбір қиындықсыз жүріп-тұруларына жағдай жасау.
Сондай-ақ Қарабұтақ-Қостанай республикалық тасжолы бойындағы Құмқұдық ауылына дейінгі 25 шақырым жолдың 10 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын маусым айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланды. Бұл — ауылдың инфрақұрылымын дамытып, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды жоба.
А.ҚАЛДЫБЕК.