Жаңалықтар

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде артық төленген 13 миллион теңгеден астам төленген жалақы бюджетке қайтарылды

Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қаржының заңдылығын бақылау нәтижелі бола түсуде. Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі арқылы өңірдегі екі бірдей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде заңсыз жалақы аудару фактілері анықталды. Аталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген зиян толық көлемде өтелді.

“Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасы” мемлекеттік мекемесіне қарасты №1 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бухгалтері 2024 және 2025 жылдарыөзініңжекебанкшотынаартықжалақытүрінде 3 522,5 млн.теңге аударған. Бұл қаржы тәртібін бұзу дерегі онлайн бюджеттік мониторинг құралдары арқылы анықталған. Қазіргі таңда бюджетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Сол басқармаға қарасты тағы бір мекеме – “Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде” де ұқсас жағдай орын алған. Мұндағы бухгалтер 2023, 2024 және 2025 жылдары жеке шотына барлығы 9 813,9 млн. теңге артық жалақы аударған. Бұл заңсыз төлем де онлайн бюджеттік бақылау жүйесі нәтижесінде анықталды. Аталған соманың барлығы бюджетке кері қайтарылды

Онлайн бюджеттік мониторинг — мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің орындалуын ашық әрі нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін тиімді цифрлық жүйе. Мұндай платформалар бюджеттік қаражаттың орынсыз немесе заңсыз жұмсалуын ерте кезеңде анықтап, азаматтық бақылауды күшейтеді.

Бұл жағдайлар бюджеттік тәртіптің маңыздылығын және бақылау механизмдерінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Қаржы тәртібінің бұзылуы қоғамның мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Ал мұндай заңсыздықтардың уақтылы анықталуы мен бюджетке залалдың өтелуі — жүйенің тиімді жұмыс істеп тұрғанының белгісі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button