Мереке

Экологтар марапатталды

 5 маусым —Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғаужәне Экологтар күніне орай «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» атты салтанатты іс-шара өтті. Өңірдегі экологтардың басын қосқан жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысып, мереке иелерін құттықтап, сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.

—  Баршаңызды кәсіби мереке —Экологтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоршаған ортаны қорғау — табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Сіздер күн сайынғы табанды еңбектеріңіз арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аянбай тер төгіп келесіздер.

Бүгінде елімізде, соның ішінде облысымызда да экологиялық ахуалды сақтау мен жақсарту мәселелері күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы — осы бағыттағы нақты әрі тиімді қадамдардың бірі. Табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін, — деді ол.

Кәсіби мереке иелерін Ақтөбе облысы бойынша экология департаментініңбасшысы  Ербол Қуановтақұттықтап, лебізін білдірді.

Мерекелік жиындааталған салада жемісті еңбек етіп келе жатқан мамандар түрлі марапаттарға ие болды. А.Мақамбетов «Еңбек ардагері» медалімен, А.Таханова мен М.Карибаев «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Экология саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар азамат Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды. Бірнеше маманға облыс әкімі мен Ақтөбе қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара соңында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында өткен «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button