«Түгел түркінің Нострадамусы»

Мөңке би-350
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада дала данышпаны, ойшыл Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған «Мөңке би —күллі түркі халқының Нострадамусы» аттығылыми конференция өтті.
Мәдениетжәне спорт министрлігінің арнайы бағдарламасына сәйкесМөңке би Тілеуұлының 350 жылдығы алдағы қыркүйекте республикалық деңгейде аталып өтпекші. Оған «Түріксой» халықаралық ұйымы да қолдау көрсетіп отыр.
Ұлттық кітапханадағы жиынды белгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахет жүргізді.
Конференцияға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Мұхаметқали Бүркітбаев, Бауыржан Жақып, Берекет Кәрібай, түрік ғалымы, профессор Мехмет Арслан, филология ғылымдарының докторлары Гүлбану Қосымова, Шәмшадин Керім, әдебиет зерттеушісі, ғалым Асқар Тұрғанбаев, баба жылдығын ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Мұңайтпасов, «Мөңке би» қорының төрағасы Бақытжан Қосанов және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген ғалымдар мен әдебиетшілер ел есінде сақталып, қазақ және түркі халқының қасиетті әулие адамына айналған бірегей данышпан тұлға, жырау, шешен және би-кеңесші туралы кең көлемді ой-пікірлерін ортаға салды.
Мөңке би есімі Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаев, Ахмет Жұбанов еңбектеріне енгені атап өтілді.
Одан беріде Нысанбек Төреқұл, Балтабай Адамбаев, Серік Негимов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты көптеген ғалымдар еңбектері арқылы көпшілікке таныстырылып, насихатталғаны да әңгіме арқауына айналды.
Мөңкенің төрт күйін күйші, профессор Тұяқберді Шәміл халыққа жеткізгені мәлімделді.
Нұрсерік ӘДІЛБЕКОВ.