Лагерь мен саяхат

Жазғы демалыс
Облыста 1-10 сынып аралығында білім алып жүрген 175 мыңға жуық оқушы бар. Биыл олардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 228,1 миллион теңге қаражат бөлу көзделген.
Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мен Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансерік Құлмановтың қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.
Жаз кезінде әр оқушы бір емес, бірнеше қызмет түрін пайдалануы, мысалы, бір айда — қала сыртындағы лагерьде, келесі айда мектеп жанындағы лагерьде болуы мүмкіндігін ескеріп, биылғы жазғы демалысқа жоспарланған іс-шаралармен барлығы 291,5 мың баланы қамту көзделген.
Облыстық білім басқармасы жазғы демалысты қауіпсіз әрі балалар үшін мазмұнды ұйымдастыру мақсатында10 мемлекеттік органмен бірлесе отырып іс-шаралар жоспарын жасады. Сонымен қатар өңірлік ведомствоаралық штаб та құрылған.
Жазғы маусымда балаларға 7 сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Олардың екеуі — мемлекеттік, 5-еуі — жекеменшік орталық. Сондай-ақмектеп жанындағы 699 лагерь мен қосымша білім беру ұйымдары жанынан 49 жазғы алаңжұмыс жасайтын болады. Жазғы алаңдардағы іс-шараларға 21 мыңнан астам бала тартылмақ.«Жасыл ел» жасағы мен «Спарта» шаруа қожалығы арқылы 716 бала еңбекке араласады, ал 30 мыңнан астам бала туристік саяхатқа шығады.
Екі жыл қатарынан «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында биыл өңір бойынша285 оқушыға квота бөлінген.
Тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар туризмін дамыту мақсатында «Тарих ізімен»атты жаңа жоба да қолға алынды. Бұл орайда28, 3 мыңнан астам баланы қамтитын 300 өлкетану жасағы құрылып, оқушылараймақтың, республиканың тарихи орындары мен көрікті жерлерін аралайтын болады.
И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.