Пікір

Қоғам дертімен бірге күресейік

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Мемлекеттік қызмет саласын­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң­да қаралған. Бұл заң сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл сала­сындағы қоғамдық қатынас­тарды реттейді және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Осы заңмен мемлекеттің сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлес­тіретін тиісті уәкілетті орган аны­қ­талды. Бұл — мемлекеттік ор­ган­дар, квазимемлекеттік сект­ор субъек­тілері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке және заңды тұлғалар. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқ­ты сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді.

Сонымен қатар осы заңға сай қызметкерлердің эти­калық нормаларды сақтау талаптары, өз қызметінде жеке мүдделер қақ­ты­ғысына жол бермеу жағы да қаралды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін»  деп айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Қарғалы ауданының аумағында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Аудан бойынша сенім телефоны үнемі жұмыс жасайды және әлеуметтік желілерде  қажетті ақпараттар жарияланып отырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында Қарғалы ауданында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасының аясында ауылдық округтерде «Ашық әкімдік» кеңсесі, аудан әкімдігінің ғимаратында азаматтарды қабылдау орталығы кеңсесі және әрбір ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда.

Өткен жылы мамыр, маусым айларында аудан бойыншааудан әкімдігінің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Нәтижесінде сыбайлас анықталған тәуекелдерді жою жұмыстары жүргізілді.

Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып,бөлімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатыр.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бағытында білім беру ұйымдарында оқушылармен және студенттермен кездесу ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана — адамдардың сыбайлас жемқорлыққа  әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі — оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты  қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.

Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін олар мұны елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануға тиіс. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындалуына көмек­те­судің алғышарттарының бірі болып санала­ды. Жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту мақсатында жұмыс жалғасын табуда.

Нұрлыбек ӨНЕРБАЕВ,

Қарғалы ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button