Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін қала күнімен құттықтады

Өңір басшысы Асхат Шахаровқаланың құрметті тұрғындары 89 жастағыБақтыбай Өтемісов пен 94 жасқа келген Юрий Яковлевич Малышкинді мерекемен құттықтап барды.
Балалық кезеңдері мен жастық шақтары ауырәскери және соғыстан кейінгі жылдармен тұспа-тұс келген аға буын өкілдері аймақтың дамуына айтарлықтай өзіндік үлес қосты.
Бақтыбай Өтемісов 1936 жылыВорошилов атындағы колхозда (қазіргі Мәртөк ауданы Полтавка ауылы) дүниеге келген. Соғыс жылдары ересек ер адамдар майданға аттанған кезде колхоздағы жұмыс әйелдер мен балалардың мойнына артылды.
«Ол кезде біз бала бола тұра ересектермен тең жұмыс істедік: жержырту, егін егу, шөп шабу және майданға азық-түлік жөнелту де бізге артылған жүкеді. Мен небәрі жеті жаста едім», – деп еске алады Бақтыбай аға.
Ол сұрапыл соғыс жылдары өткенөзінің балалық шағы мен тылдағы қиынөмірін, Жеңіске қосқанүлесі туралы айтып бөлісті.
Асхат Шахаров ардагерге еткен еңбегі, өмірлік табандылығы мен патриотизмнің үлгісі үшін терең ризашылығын білдіріп, тағдыры туған өлкеміздің тарихымен етене байланысқан адамдар туралы есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Бақтыбай ағаарнайы көңіл бөліп құттықтай келгеніүшін алғысын білдіріп, туған қаласы мен оның тұрғындарына амандық, бейбітшілікпен өркендеу тіледі. Үлкендік батасын берді.
Бұдан соң, облыс әкімі Юрий Яковлевич пен Галина Викторовнаға барды. Юрий Яковлевич Байкал сырт өлкесіне қарасты Могоча қаласында дүниеге келген. 1943 жылы оның теміржолшы әкесі қызметіне байланысты өзге 50 отбасымен бірге Ақтөбе облысының теміржол саласында жұмысі стеуге жіберілді. Осылайша Малышкиндер отбасы Қазақстанға көшіп келіп, өз тағдырын осы жермен мәңгілікке байланыстырды.
Юрий Малышкин әкесінің ізін қуып, теміржол техникумында білім алды. Кейін Ташкент теміржол көлігіинженерлері институтын бітірді. Еңбекжолын «Сельмаш» зауытында бастады, кейін техникумда сабақ берді, № 13, 17 және 19 мектептерде еңбек мұғалімі болды. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады.
Ұзақ жылдық еңбек өтілінде ардагерөнеркәсіп пен білім беруді дамытуға үлесқосып қана қоймай, жас ақтөбеліктерүшін тәлімгер болды. Жұбайы, еңбекардагері Галина Викторовнамен бірге 50 жылдан астам уақыт бойы шаттықта өмір сүріп келеді.
Кездесу барысында облыс әкімі АсхатШахаров Юрий Яковлевичке жанқиярлық еңбегі, өмірлік үлгісі және мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, қала тарихындағы осындай адамдардың үлесіне тоқталды
«Ақтөбенің туған күнінде біз қаланың іргетасын қалауға өзіндік үлес қосқан тұлғаларды ерекше құрметпен ескеаламыз. Тыл еңбеккерлері ауыр жылдарға қарамастан аймақтың дамуына үлкен үлес қосты. Сіздер–төзімділіктің, еңбекқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі сіздер», – деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Д.АЙДАР.



