Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің…
Адамда қанша тіс болуы керек деген сұрақты өз-өзіңізге қойып көрдіңіз бе?..
Сүт және уақытша жиырма, яғни сегіз күрек тіс, төрт сойдақ тіс және сегіз азу тіс, ал тұрақты отыз екі (оның он екісі азу тіс) тіс болады. Екеуі де жатырда бала пайда болған 40-45 күнде негіз қалап, бес жасқа дейін дамиды.
Тістер мына тәртіп бойынша шығады: сүт тістер — орталық күрек тістер 6-8 айда, жақтау күрек тістер — 8-12 айда, алғашқы азу тістер — 12-16 айда, 16-20 айда сойдақ тістер және соңында, яғни 20-30 айда екінші азу тістер шығады. Осылай сүт тістер алты айдан бстап екі жарым жасқа дейін шығады. Одан кейін кезекті тұрақты тістер шыға бастайды. Бес-алты жаста алғашқы азу тістер, 6-8 жаста орталық күрек тістер, сегіз-тоғыз жаста жақ күрек тістері, тоғыз-он жаста алғашқы азу тістері, он бір-он екі жаста екінші азу тістер, он-он үш жаста сойдақ тістер, он екі-он үш жаста екінші азу тістер және он сегіз-жиырма бес жаста үшінші азу тістер, яғни, ақыл тістер шығады.
Осылайша тұрақты тістердің қалыптасуына 6 жастан 14 жасқа дейінгі уақыт кетеді. Ақыл тістер кейін шығады. Тістердің қалыптасу тәртібі осылай болғанымен, тістер кейде мерзімінен бұрын, не кейін де өсуі мүмкін. Алайда бұл ағзаның қандай да бір кемістігі деп қауіптенбеңіз. Алайда тістің шығуы төрт-бес ай кешіксе, абай болған дұрыс, бұл арада маманның кеңесіне жүгінуге тура келеді. Әр тістің атқаратын рөлі болады. Күрек тістер мен сойдақ тістер — тістеу қызметін атқарады, сондықтан олардың шеті өткір, кескіш болып келеді. Жақтау азу тістері мен азу тістер тамақты ұсатады, олардың беті үлкен, шайнауға ыңғайлы. Бір тісіңіз түссе-ақ, оның тамақ қорытуға немесе сөйлеуге, не күлген кездегі келбетіңізге нұқсан келтіретінін білгеніңіз жөн.
Тіс неден тұрады? Негізінен, коллагалдық талшықты құрайтын дентиннен және желімдегіш заттардан тұрады. Дентин қаптамасы эмальмен жабылған, ал дентин тамыры — бекіткіш затпен қапталған. Эмаль — организм тіндеріндегі ең қажетті зат. Эмаль бекіткіш заттармен біріккен призмадан құралған. Бекіткіш қаттылығы бойынша үшінші орын алады. Тіс тамыры мен жақ сүйектері арасында кішкентай саңылау болады, ол периодонт тінімен толтырылған. Бұл тіс байланысы талшықтар шоғырларынан тұрады және жүйкемен, қан жүретін және лифматикалық тамырлармен тығыз байланысып тұрады. Сіз тісті құрайтын тіндердің (эмаль, дентин, бекіткіш, пульпа және тістік байланыс) — периодонт, жақ сүйегі, қызыл иек бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көңіл аударған боларсыз.
Олай болса, тіс эмалының бұзылуы, дентинге, пульпаға және одан кейін периодонтқа, жақ сүйегіне залал келтіруі мүмкін. Ол ол ма, тіске қатысы жоқ органдарына да қауіп төндіруі ықтимал. Сондықтан тіс дәрігеріне жиі барып тұрған дұрыс.
Ш.ҚУАНШӘЛИНА,
Кеңқияқ селолық ауруханасының стоматологы.
Темір ауданы.




курек тис жайлы билгим келеди
курек тісті емдеу жолдары
Кызымнын алдыңгы сүт тістері тускен еди, енди неше айда осіп шыгады? Жасы 6 да.