Ақтөбелік делегация Түркістан облысына барды

Ынтымақтастық
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасына сәйкес өңірге инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ өзге аймақтардың тәжірибесін зерделеу мақсатында ақтөбелік делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен барды.
Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов бастаған делегация 13-14 мамыр күндері «Turkistan» ӘКК» АҚ шағын өндірістік аймағының, «Turkistan Invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігінің, «Turan» арнайы экономикалық аймағы мен «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты.
Делегация өндірісті дамыту және инвестиция көлемін арттыруға бағытталған бірегей жобалардың жүзеге асырылу барысындағы оң тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар қос өңір арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және бизнес саласындағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Тәжірибе алмасу алаңы ретінде бұл сапар екі облыс үшін де тиімді болды.
Д.АЙДАР.



