Білім

Инклюзивті білім беру бағытымен

Колледж

Экономиканың тұрақты және инклюзивті дамуы — қазіргі уақытта елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыты.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі — инклюзивті білім беруді дамыту.

Инклюзивті білім беру барлық балалардың, оның ішінде денсаулығында ақаулығы бар және қоғамда әлеуметтік бейімделуде  қиындықтары бар балалардың сапалы білім алуына тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.

Біздің колледж Ақтөбе облысында алғашқылардың бірі болып инклюзивті білім беруді дамытуды қолдады және нашар көретін және зағип оқушыларды даярлайды. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі — Батыс өңірі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын жалғыз оқу орны.

Колледжде «Кедергісіз болашақ» мемлекеттік жобасын жүзеге асыру бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқыту, инклюзивті оқытуды дамыту, олардың жұмыс жасауы үшін жағдай жасау, ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді көздейтін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаның 5 қағидасының ішінен колледж төмендегілерді орындады:

* мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тұрақты жұмысқа орналастыру;

* мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орталықтар ашу;

* мүгедектердің құқықтарын тиімді қорғау үшін құқықтық алаңдар қалыптастыру;

* халықтың хабардарлығын жетілдіру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға толерантты қатынас  қалыптастыру;

* инклюзивті білім беруді дамыту.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап біздің колледж мейіргер ісі мамандығы, массажист біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде көру бойынша мүгедек жандарды даярлауды жүзеге асырып келеді. Білім беру қызметін жүзеге асыру үшін бұл бағыттар бойынша лицензия алынды. Бүгінгі күні аталған мамандық бойынша 11 оқушы оқып жатыр. Оқушылар үшін барлық жағдай жасалған: материалдық-техникалық база жабдықталған, демалыс бөлмесі, жеке санитарлық торабы бар аудиториямен қамтамасыз етілген: әдебиеттер, принтерлер, компьютерлік тифлокешен, тифломагнитолдар, тактильді принтерлер, ойнатқыштар, диктофондар, бедерлі муляждар және т.б. сатып алынды.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға колледжде қауіпсіз және жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін ғимараттың өзі де, оның барлық бөлмесі де физикалық қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.  Ғимараттың физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған арнайы қолжетімділік белгілері бар тайғақ беттерде — едендерде, баспалдақтарда қозғалу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін сырғанауға қарсы жабындар қарастырылған. Тактильді плиткалар мен дәліздегі тұтқалар сияқты бағыттаушы элементтер ғимарат ішіндегі қозғалыс бағытын, инвотакси тұрағын және т.б. көрсетеді.

Мамандық бойынша материалды сапалы жеткізу  үшін колледж оқытушылары өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады және инклюзивті оқыту бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.

Көру қабілетінің болмауы, жоғалуы немесе әлсіреуі — адамның өмірінде, әлеуметтенуінде және жұмысқа орналасуында көптеген мәселелер тудыратын ауыр жағдай. Дегенмен көру қабілеті бұзылған адамдар әрқашан дерлік табиғаттан немесе жаратушыдан физиологиялық, психологиялық, когнитивті және басқа бейімделулер мен қасиеттер алады. Массаж — медицина мен оңалтудың ерекше саласы. Көру қабілеті нашар адамдар осы салада  сау адамдардан кем түспейді, кей жағдайларда тіпті асып кетеді.

Мүмкін сенсорлық және иіс сезуде сезімталдықтың үлкен көлемінің көру қабілетімен ауысуына байланысты (шамамен 90 пайыз) зағип массажистер барлық уақытта ең жақсы деп саналған. Зағип және нашар көретін адамдардың қолдары мүмкіндігінше сезімтал, тактильді есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, саусақтарымен «көреді» және жүрегімен сезінеді, пациенттердің ауырсынуын өздері арқылы өткізеді, сондықтан олар науқастың жағдайын жақын  сезінеді.

Болашақ массажистер үшін (зағип және нашар көретін) тапсырмалар мен материалдарды түсіндіру 60%-ға ауызша аудио файл түрінде беріледі; колледж оқытушылары материалдармен аудио дискілер дайындайды. Оқулықтың мәтіндік материалы аудио және сандық форматқа аударылған. Теориялық және практикалық материалдар, стандарттар, практикалық дағдылар алгоритмдері және басқа материалдар диктофонға жазылады. Білім алушылар жалпыгуманитарлық пәндерді де, классикалық, нүктелік, сегменттік-рефлекторлық, балалар массажы және т.б. сияқты практикалық арнайы пәндерді де қатар меңгереді.

Оқушылар практикалық денсаулық сақтау мамандарын тарта отырып, қаланың медициналық ұйымдарында әдістемелік жетекшілердің басшылығымен өндірістік және кәсіптік (диплом алдындағы) практикадан өтеді.

Колледж базасында 2015 жылдан бастап оқушыларға практикалық дағдыларды қолдану үшін клиникалық база ретінде кәсіби массаж орталығы ашылды және жұмыс істейді. Олар  кәсіби массаж орталығында тәжірибелі дағдыларға машықтанады.

Инклюзивті оқытудың негізі ретінде колледж Кисловодск медициналық колледжінің тәжірибесін қабылдады. Кисловодск медициналық колледжі Ресей Федерациясында бірінші болып нашар көретін адамдарға массажист біліктілігі бар мейірбике мамандығы бойынша инклюзивті оқытуды ұйымдастырды және енгізді. Бізде Кисловодск медициналық колледжімен бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу туралы меморандум жасалды.

2017 жылдан бастап жыл сайын колледж оқушыларды көру қабілеті шектеулі адамдар арасында массаж бойынша халықаралық Ресей чемпионатына қатысады. Кисловодск медициналық колледжінің базасында өткен Ресейдің V чемпионатында Салтанат Бақтыбаева «Креативті ойлау» номинациясына ие болды және Қуандық Арғынбаев «Бірегейлік және өзіндік ерекшелік» номинациясы бойынша марапатталды, диплом алды. 2018 жылы көру қабілеті шектеулі адамдар арасында массаж бойынша VІРесей чемпионатында 2-курс оқушысы Медет Мұқанбетқалиев жүлделі орынға ие болып, Сочи қаласында өткен массаж бойынша X Ресей чемпионатына қатысу үшін сертификат-шақыру алды. 2022 жылы Кисловодск қаласында көру қабілеті шектеулі адамдар арасында массаж бойынша Ресейдің IX чемпионатына колледж оқушысы Бауыржан Ізтелеуов қатысып, «Классика дәстүрлеріне адалдық» номинациясы бойынша сертификатпен және дипломмен марапатталды. 2023 жылдың сәуір айында көру қабілеті шектеулі адамдар арасында массаж бойынша Ресей X чемпионатында Нұрбақыт Ахметов «Үздік дебют — СПА массажы» номинациясы бойынша дипломға және сертификатқа ие болды.

Инклюзивті оқыту тәжірибесімен алмасу мақсатында оқытушылар мен білім алушылар халықаралық,республикалық, облыстықмаңызы бар семинарларға бірнеше рет қатысты.

Оқушылар колледждің қоғамдық өміріне, қалалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады.  2014 жылдан бастап жыл сайын қайырымдылық акциялары өткізіледі,  солардың бірі — Венн балы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеу олардың оқу үдерісіне бейімделуін ғана емес, сонымен қатар есту қабілеті бар оқушылармен интеграциялануын да қамтиды. Интеграцияның сәтті өтуі үшін біздің колледжде жағдайлар жасалып, жеке байланыстарды қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Колледждің сабақтан тыс қызметі интеграция тұрғысынан үлкен әлеуетке ие, бұл — әртүрлі конкурстарды, олимпиадаларды, конференцияларды дайындау және өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзара іс-қимылы.

2018 жылдың мамыр айында колледж оқушыларды Жәния Аяубаева және Амангелді Ешімов Қытайда өткен халықаралық параатлетикалық жарысқа қатысып, сертификаттармен марапатталды; 2018 жылдың маусым айында Жәния Аяубаева Англияда өткен параатлетикадан әлем чемпионатына қатысты; 2021 жылдың қазан айында Астана қаласында өткен VI республикалық спорттық параолимпиадада Еламан Жотаев мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан I дәрежелі дипломды иеленді.

Инклюзивті білім беру қызметі енгізілгеннен бері 10 жыл ішінде 57 түлек  бітіріп шықты, олар толығымен жұмыспен қамтылды және қаланың медициналық ұйымдарында, аудандарда және басқа да облыстарда жұмыс жасайды.

Колледж оқытушыларыстуденттік ортада білім беру және даму ортасын құруға жағдай жасайтын қатынастар құру; мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру шектеулерін ішінара немесе толық өтеуге және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге тиіс тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуы; білім алушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі мәселелерін үйлестіріп шешуді басты мақсат тұтады.

Көру қабілеті нашароқушыларды мамандыққа үйрету —  оларға өздерін тұлға ретінде тануға, өмірде өз орнын табуға көмектесу. Біз массажист біліктілігі бойынша білім алған жастар өмірде өзін табады, білікті маман болады, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын үздік массажистер болады деп сенеміз.

Ал 10 жылдан кейін біздің түлектерімізге қарап, олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз.

 А.КӨЗДІБАЕВА,

Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы

Ақтөбе жоғары медициналық колледжі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button