Жастарға арналған байқау

Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты кезекті халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға 10 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеяларын және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.
Конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында жарияланған. Қатысушылардың жұмыстары «Үздік постер», «Үздік сурет» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша 1 қазанға дейін қабылданады.
Жастардың шығармашылық жұмыстарын агенттік жанынан құрылған ұлттық конкурстық комиссия іріктейді.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында байқаудың қорытындысы жарияланады.
К.ҚОПАЕВА.



