Мереке

«Біздің бақытты отбасы»

Отбасы күні

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында «Біздің бақытты отбасы» атты спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты — отбасы құндылықтарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу.

Сайысқа Ойыл ауылдық округінің әкімі Р.Сағынғалиев, Ойыл қазақ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Байдуллин,  орталық басшысы Ж.Ізғарина  қазылық етті.

Бес кезеңнен тұрған эстафеталық ойынға бес жас отбасы қатысты.

Іс-шара соңында төрелік еткен қазылар барлық қатысушыға алғыс білдіріп, үздіктерді марапаттады. Жалғасовтар отбасы мен Сәрсенғалиевтер отбасы Алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды Жасұлановтар отбасы, ІІ орынды Асанғалиевтер отбасы иеленді.

Ал жүлделі І орынды Ешімовтер отбасы қанжығасына байлады.

Барлық қатысушы бағалы сыйлықпен марапатталды.

М.ТАБЫН,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button