«Томиристің» билері

Өнер
Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде «Томирис» би студиясының 7 жылдық есеп беру концерті өтті.Кешке танымал әнші Нұржан Керменбаев пен қаламыздағы жас әншілер қатысты.
Аталған би студиясы 2018 жылы тамыз айында ашылған. Негізін қалаушы — Әйгерім Әшиғалиева. Бұл жерде 3 жастан 15 жас аралығындағы қыз балалар жаттығады. Жастарға түрлі ұлт өкілдерінің билері үйретіледі. Студия құрылған жылдан бастап осы кезге дейін бишілер еліміз бен шетелдерде жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, Бакуде, Ташкент қаласында өткен сайыстарда бас жүлдені жеңіп алды. Жуырда студия бишілері республикалық конкурстың бірінші турынан өтіп, маусым айында Ақтау қаласына жолдама ұтып алды. Ал шілде айында Грузия елінде өнер көрсетеді. Ал студияның есеп беру кешінде бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Әйгерім Әшиғалиева билеттен түскен қаржы науқас баланың еміне аударылатынын айтты.
К.ҚОПАЕВА.