Жүректегі жарықшақ


Менің атам Атағұл (Атағұлла) Сейілов 1941 жылдың 10 қарашасында Қобда аудандық комиссариаты арқылы әскерге шақырылып, Ақтөбе қаласында құрылған 101-дербес ұлттық атқыштар бригадасына алынады.
Атам: «Курсант болдым, тапсырмаларды тез ұғамын, орындаймын. Басшым әскери комиссар Нури Әлиев жинақы, пысық мінезіме, тез қимылыма, зеректігіме, орыс тілін жақсы білетіндігіме көңіл аударды», — деп еске алып отыратын.
Ол Бесқопа елді мекенінде туған.Жасы он жетіге келгенде Ақтөбе қаласындағы жеті жылдық мектепті бітіреді.Оқуын бітіріп, елге оралған балаң жігіт есепшілік қызметке кіріседі. Еңбегіне адал, есепке жүйрік, ұйымдастыру қабілетімен өзіне жүктелген істерге жауапкершілікпен қарайды.
1942 жылдың күзінде 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасының құрамы эшелонмен Ржев бағытына қанды соғыстың отты шебіне бет алады. Атам 1943 жылы ақпанда 158-атқыштар дивизиясы 881-атқыштар полкінің бөлім командирі ретінде соғысқа кіреді. Олардың алдына Зайцево, Урдом, Кучино елді мекендерін жаудан тазарту мақсаты қойылады.
Атамның бір естелігінде: «Зайцево мекенін алуда қараңғылықты, бұрқасынды пайдалана бөлім командирі, мен және барлаушылар тобы жаудың отты нүктесіне метр жақындап, оттай атылған пулемет, автоматтар жалынынан аман өтіп, полкке лап қойып, Зайцевоның солтүстік жағынан кіруге жол аштық. Шошыған жау қаруларын тастап, белдесіп күш көрсетті. Зайцево деревнясы жаудан тазартылды» деп айтылады.
Майдангер атамРжев майданындағы қантөгіс соғысты есіне түсіргенде көмусіз қалған боздақтарды мазасыздана, жаралы жүрегі сыздап,әңгімесін қысқа қайтаратын. Кеңес заманында Ржев тақырыбын қозғауға тыйым салынған екен.
158-атқыштар дивизиясының бөлімі Ржев қаласының солтүстік ауданында 39- армия құрамына қосылды. Қайта жасақталған жаңа құрам 1943жылдың тамыз-қыркүйек айларында Лиозно, Витебск аудан орталығында шешуші шабуылға қатысады.
Сураж-Витебск майданы туралы атам: «Могилев-Белыничий шоссесінде фашистер теміржол желісін, бекетін мықты майдан қорғанысына айналдырған. Олар орталықтағы биік жерде мықты орналасқан. Айналасы минамен көмкерілген. Бізге биіктіктегі пулемет нысанасын жою тапсырылды. Жергілікті партизан жігіті құйып тұрған жаңбырға қарамай, құпия жолды көрсетті. Жоғарыға өрмелеу мүмкін емес, балшықтап кейін сырғи бересің. Жау оғы жауып тұр. Тап осы жерде қолымдағы гранатаны жау нысанасына дәлдеп лақтырдым. Пулеметтің дыбыссыз қалғанын сездік, лап бердік ішке еніп, фашистермен арпалыстық. Бірін мылтық найзасымен, екіншісін сапер күрегімен құлаттым, үшіншісін жалаңаш қолмен қылғындырдық. Салют жібердім. Өзіміз пулеметке жармастық. Кеңес әскерлері шоссе бекінісін бұзып кірді. Могилев-Белыничи шоссе бекінісін осылай жойдық.Қанды қырғын ортасында, өмірден өлім басым тұрған кезде де ұлттық бригада жауынгерлері антымызға адал болдық»—деп көзіне жас толып әңгімелейтін.
Атам — Эстония, Латвия, Литва жерлерінфашистерден босатуға жан аямай соғысқан батыр. Ол «Қызыл жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, көптеген жауынгерлік медальмен марапатталды.
Лиозно, Сураж-Витебск қалалары мен елді мекендерді азат етуде барлау бөлімі командирі болған ол жау шебінен «тіл» алып келе жатқанда жасырылған мина жарылып, жүрегінен ауыр жараланған. Ауыр жарақатына қарамастан, жанкештікпен фашист офицерін жеткізген, ол берген ақпарат шоғырланғанжау тобын жоюға көмектеседі.
Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігі Орталық архивтен 1925жылы 25 ақпанда алынған анықтама құжатында былай деп жазылған:
«Аға сержант Атағұл Сейілов— 158-атқыштар дивизиясы 881-атқыштар полкі автоматшылар тобында барлаушылардыңбөлім командирі.1942 жылы 20 қаңтардан 1945жылғы 14 мамыр аралығында негізгі соғыс құрамында болды.
КСРО әскери құрамында 1941-1945жылдары фашистермен ерлікпен шайқасқан,жаудан Отанын қорғаған ержүрек жауынгер.
1943 жылы 16 тамызда Смоленск облысы Ломоносово мекенінде жүректен ауыр жарақат алған, Иваново облысында емделгені ресми құжат негізінде көрсетілген».
Атам соғыстан кейін Қобда ауданы тұтынушылар одағы мекемесінде бас есепші болып қызмет жасады.
Соғыс кезінен жүрегінде сақталған мина жарықшағы алынбаған аға сержанттың бейбіт күндегі өмірі еңбекте жалғасты. Ұл өсірді, қыз тәрбиеледі, немерелер, жиендермен ұрпағы жалғасты.
Ол Новоалексеевка селосындағы Сәкен Сейфуллин көшесінде тұрды. Бейбіт өмірде,жасы ұлғайған шағындаүлкен ұлыҒабдулмәжит (Мәжит) пен жалғыз қызы Айша (Ғалияш) өмірден озғандаұлына оң,қызына сол көзден айырылып, қари атамжылағанын көрдім…
Атам сексен жеті жыл өмір сүрді. Бүгінде арамызда болмаса да жаны, рухы мәңгі тірі.
Әли СЕЙІЛ.



