Тәрбие мен өнеге

Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының мүшелері «Әлияны ұлықтаған аналар» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара аясында «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Нәзира Табылдинова бастаған бір топ анаәуеліӘлия Молдағұлованың ескерткішіне барып, рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.Кейін олар «Әлия» музейіне барып, батырдың ерлікке толы өмір жолымен танысты.
Іс-шараның екінші бөліміндеелге еңбегімен танылған аналардың өмірі мен қызмет жолы үлгі ретінде айтылды. Олардың қатарында еңбек жолын қойма меңгерушісінен бастап, жеке кәсіпкерлікке дейін жеткен Алтай Исабаева, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұстаздар Лена Әлниязова мен Күләш Құлекенова, Орал, Шымкент өңірлерінің білім саласында жемісті еңбек еткен Маржан Бақтыгереева, әскери салада табандылық танытқан Ләйлә Құлетова бар.
Олар елге қызмет етудің, ұрпаққа үлгі боларлық ізгі істердің және батыр рухын ұлықтаудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
А.БАЛЖАНАЙ.





