Білім

Сөз өнеріне ұмтылыс

Абай — 180

«Смарт Білім» орта мектеп-гимназиясының қабырғасында 2 «А»сыныбының жетекшісі Гүламза Есекенованың ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы негізі мақсат — ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеу, балалардың өнерге, сөзге деген қызығушылығын арттыру және ата-аналармен тығыз байланыс орнату болды.

Балалар Абай өлеңдерін жатқа айтып жарысты. Бұл бөлім баттл-шоу форматында өтті. Шәкірттер жыр сайысында шығармашылық қабілетін паш етті. Олар ұстаздарымен бірге домбыра тартып, ән айтып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар ата-аналарға арнайы тренингтер ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие, баланың шығармашылығын қолдау жолдары туралы пайдалы ақпарат берілді. Осылайша әдебиет пен өнер бір арнада тоғысып, кеш шынайы рухани мерекеге айналды.

Ата-аналар мен оқушылардың шараға бірлесе қатысуы, бірге өнер көрсетуі ерекше әсерлі болды.

Айгүл НАУРЫЗБАЕВА,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button