Мәдениет

Жас таланттар байқауы

Сазды мәдениет үйінде «Өңір таланттары» атты көп жанрлы өнер байқауы ұйымдастырылды. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына, Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған байқаудың мақсаты – дарынды жастардың өнерін шыңдау.

Байқау барысында қатысушылар халық билерін, эстрадалық заманауи және дәстүрлі әндерді орындап, өнерін көрсетті.
⁃ Бұл байқау Сазды мәдениет үйінде жеті жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын қатысушылардың саны артып отыр. Жалпы Сазды мәдениет үйінде 150-ге жуық бала қатысатын тоғыз үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелердің алтауы үлгілі және халықтық атақтарға ие. Мәселен “Шабыт” би ансамблі орта, кіші және үлкен топтардан тұрады. Бишілеріміз облыстық, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі оралып жүр. Сонымен бірге “Жас ұлан” үрлемелң аспаптар оркестрі, «Ақ маржан» әжелер ансамблі және “Домбыра-дастан”, “Үкілі домбыра”, театр үйірмесі, халықтық “Ниязбековтер” отбасылық ансамблі де түрлі байқауларға қатысып, өңірдің мәдениетінің дамуына зор үлес қосып келеді, – дейді аталған мәдениет үйінің директоры Жансауле Кемерова.
Өнер байқауына қатысушылардың таланты мен шығармашылық шеберлігі лайықты бағаланып, жеңімпаздар дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button