
Медициналық нысан 1991 жылы салынған.
Былтыр облыс әкімі Асхат Шахаровтың Оймауыт ауылына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындары амбулатория ғимаратына жөндеу қажеттігін көтерген еді. Қазіргі уақытта нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарының барысымен танысу үшін аудан әкімі Айбек Көпенов ауылға барды, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімін қадағалады. Амбулаторияны «Даму Құрылыс АДК» ЖШС жөндеп жатыр.
Жоба құны – 107 миллион теңге.
Жұмыстар 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.