Білім

Білім мен өнердің жаңа көкжиегі

Цифрлық технология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дәстүрлі ғылым айының аясында «Білім беру үдерісін зерттеу мен шығармашылықтың цифрлық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кәсіби-шығармашылық факультеті ұйымдастырған конференцияға Малайзия, Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен және Қазақстанның бірнеше қалаларынан (Алматы, Түркістан, Орал, Атырау) танымал ғалымдар, сарапшылар мен өнер майталмандары қатысты.

Жиынды ашқан университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров цифрлықтехнологиялардыбілім мен өнерсаласынаенгізу қазіргі заман талабы екендігін, бұлбағыттағытыңидеялар мен зерттеулерболашаққасенімдіқадамжасауғажолашатынын айтты.

Малайзиялық профессор Че Залина Зулкифли цифрлық технологияның тек білімде емес, тұрақты даму мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөліне тоқталса, Өзбекстаннан келген А.Мирзорахимов ұлттық өнер саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Ал Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ доценті Е.Әуелбеков ұлттық қолөнерді цифрлық әдістермен оқыту қажеттігін алға тартты.

Сондай-ақ Қ.Жұбанов университетінің профессоры Т.Ботағариев пен Ақтөбе облыстық филармониясының директоры, Мәдениет саласының үздігі Д.Ниязовалар мазмұнды баяндамалар жасап, қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты.

Конференция қорытындысында білім мен өнер салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, ортақ шешімдер ұсынылды. Жиын цифрлық трансформацияның маңызын тағы бір мәрте айқындап, халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button