Жеңіс

Батырлық — мәңгілік елдің мұрасы

Қазақ халқының тарихында ел үшін жанын қиған ерлермен қатар, тәуекелге бел буған қайсар қыздар да аз емес. Солардың бірі —  аты аңызға айналған, ерлігімен ұрпаққа өнеге болған Әлия Молдағұлова. Ол — өр рухты, қайсар мінезді қазақ қызының символына айналған жаужүрек батыр.

Әлия Нұрмұхамбетқызы 1925 жылы 25 қазанда Қобда ауданының Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пенМаржанМолдағұлованың отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебіндеоқыды. ОқудағыозаттығыжәнеүлгілітәртібіүшінӘлияҚырымдағыБүкілодақтықпионерлерлагері— Артекке жіберіледі. Артектебатырлартақтасына Рубен ИбарруриТимур Фрунзе сияқтытұлғаларменқатарӘлияМолдағұлованың да суретіенгізілген. Соғысбасталғансоңмұндағы балаларүйі Ярославль облысының Вятское селосынаэвакуацияланған. Вятское орта мектебінде

7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді.Жастайынан алғыр, батыл болып өскен қыз Ленинградта білім алып, сол қалада жауға қарсы тұруға бел буады. Ол 1941 жылы фашистік Германия Ленинград қаласын қоршауға алған кезде еріктілер қатарында қорғаныс шебін салуға қатысқан.

Соғыс қызып тұрған шақта Әлия майданға сұранып, 1943 жылы Мәскеу түбіндегі мергендер мектебін үздік аяқтайды. Ол — 54-атқыштар бригадасының құрамында ұрысқа қатысып, небәрі 18 жасында 78 фашист солдатын жойған мерген қыз. Ол — мергендік шеберлігімен көзге түсіп, қысқа ғана ғұмырында үлкен ерлік көрсеткен жауынгер.  Бұл — оның қайтпас қайсарлығы мен еліне деген шексіз махаббатының дәлелі. Ол өз өмірін Отан үшін қиып, туған халқының абыройын асқақтатты.

1944 жылдың қаңтарында Псков облысында өткен шешуші шайқаста Әлия ерлікпен қаза тапты. Ол соңғы сәтке дейін шабуылда алдыңғы шепте болып, батырлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әлияның ерлігі жас ұрпақты патриоттыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелейді. Оның есімі еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерге, көшелерге, ескерткіштерге берілген. Жыл сайын Әлияны еске алу шаралары ұйымдастырылып, ерлігі дәріптеліп келеді.

Әлияның бейнесі тек ерлік символы ғана емес, ол — ұлттың намысы, аналардың үміті, болашақ ұрпақтың рухани тірегі.

Әлия — батыр қыз. Ол — батырлықтың, адалдықтың, отансүйгіштіктің мәңгілік үлгісі. Оның рухы әрдайым біздің жүрегімізде. Жаугершілік заманда елі үшін жанын қиған осындай ару қыздарымыз бардабіздің тарихымыз да, болашағымыз да жарқын.

Гүлзия ӘЖІБАЕВА,

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін

орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button