Әдебиет

Қаламгерді еске алды

Әдеби кеш

Қазақстанның халық жазушысы Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына105 жыл толуына орай №3 қалалық кітапханада «Қазақ прозасының шебері» атты әдеби вернисаж өткізілді. Оған Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің оқушылары қатысты.

Мақсат — қаламгер шығармашылығын насихаттау,  жастарға оның рухани-адамгершілік бағыттағы туындыларын таныстыру.

Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, кітаптары таныстырылды. «Сәуірбек Бақбергеновті жазушы ретінде даралайтын басты ерекшелігі қандай?», «Оның шығармаларының бүгінгі жас ұрпаққа берер негізгі тағылымы неде?»,«Қаламгер көбіне қандай тақырыптарды арқау еткен?» секілді сұрақтар қойылып, жиналғандар өз пікірімен бөлісті.

Сәуірбек Бақбергенов — қазақтың көрнекті жазушысы, публицист, қоғам қайраткері. Ол өзінің әдеби шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қаламгер. 1996 жылы оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. Жазушының қаламынан туған шығармаларда соғыс тақырыбы, еңбек адамдарының бейнесі, ауыл өмірі мен заман шындығы терең суреттеледі.

Үзім АЛПЫСБАЙҚЫЗЫ,

                           №3 қалалық кітапхана қызметкері,

                                                                                  Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button