Ресми

Ерсұлтанға көмек керек!

Кішкентай кезінен елгезек, алғыр, әр нәрсеге қызығушылығы мол боп өскен Ерсұлтан мектепке 6 жасынан барды. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысты. Екі жыл бойы оқу озаты болып, мақтау қағазымен марапатталды.

Жаздың бір жарқын күнінде жүгіріп жүрген Ерсұлтанның басы қатты ауырды. Дереу жедел жәрдем шақырылды. Жергілікті дәрігерлер баланы аурухананың қарқынды емдеу бөліміне салды. Тексеріп, сараптама жүргізген білікті дәрігерлер оған өте сирек кездесетін «туа біткен омыртқа артериясының жарыла беретін аневризмі» («Врожденная разорвавшаяся аневризма позвоночной артерий») деген диагноз қойыпты.

Ерсұлтанның анасы Анаргүл Мазинованың айтуынша, Ақтөбе қаласындағы балалар клиникасының бас дәрігері Қ.Тоқтаров және нейрохирург С.Көкшібаев Астана қаласындағы Республикалық нейрохирургиялық орталықтың нейрохирургімен кеңесті.

— Астаналық дәрігер Ерсұлтанды орталыққа апаруымыз керектігін, оған операция жасалу қажеттігін айтты. Бірақ операцияға қажетті материалдар Израильдан сатып алынатынын түсіндірді. Қысқасын айтқанда, мемлекеттік квота ала алмадық. Уақыт оздырмай несие алып, Қытайға кеттік. Қытайдан да нәтижесіз қайттық. Кеше ғана құлын-тайдай шауып жүрген баламның төсек тартып жатқаны жаныма батады. Ерсұлтан «Мама, мен мектепке қашан барамын? Достарыммен ойнағым келеді» дегенде, ұлыма қалай жауап берерімді білмеймін, жүрегім қан жылайды. Жүрегі үлкен, адамгершілігі мол азаматтар болса, баламның аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесулерін сұраймын, — дейді шарасыз ана.

Қазір Ерсұлтан — М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебінің оқушысы. Бірақ денсаулығына байланысты қатарларымен бірге мектепте емес, үйде оқып жүр.

Егер Ерсұлтанның жағдайына жүрегіңіз селт етіп, материалдық көмек берем десеңіз, анасының реквизиттерін ұсынып отырмыз:

Ақтөбе қаласы

«БТА Банк» АҚ

БИК ABKZKZKX

РНН 061800110051

Аударым үшін есепшот №KZ49319V010000353121

Мазинова Анаргул Жалғасбайқызы

Карточкалық есепшот №КZ10319V010000535892

Карточка №9101200000259085

РНН  061813249441

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button