Жүйріктер жарысы

Мәшһүр Жүсіп оқулары
Әлкей Марғұлан атындағы №71 орта мектебінде «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары өтті.
Облыс көлемінде өтіп жатқан байқаудың ашылуында сөз сөйлеген мектеп директоры Оразбай Жәдігерұлы ақын мұрасы жайында айта келіп, жас өрендерге ақ жол тіледі.
— Бүгінде күллі қазаққа аты мәшһүр ақынның еңбегі елімізде жыл сайын насихатталып келеді. Біздің мақсатымыз — ақынның рухани мұрасын дәріптеп, оның шығармаларын жастарымыздың бойына сіңіру арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, — дейді «Ақтөбе-Дарын» орталығының шығармашылықты дамыту және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Ибатуллина.
Төрт кезеңнен тұратын сынға қатысушылар арасынан оза шапқандар республикалық байқауға жолдама алады.
Т.БҰРХАНҰЛЫ.



